Атырау, 27 сәуір 03:55
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырау облысында Covid-19 жұқтырған 84 адам анықталды – басым бөлігі Теңіз кенішінде

4 193 просмотра

Атырау облысында 84 адам коронавирус індетін жұқтырды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  

Ауру жұқтырғандардың 3-еуі - Атырау қаласынан тіркелген. Скрининг нәтижесінде Теңіз кенішінен 78 жұмысшыдан,  Қызылқоға ауданынан  - 2, Мақат ауданында 1  адамнан анықталған.    Covid-19 инфекциясын жұқтырған 10 адамда ауру симптомды түрде өтуде.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 51  адам  емделіп шықты. Қазіргі уақытта 367 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 85 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 36 адам ем қабылдауда. Атырау облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта қалып отырғанын атап өтеміз.

26 қаңтар 2021, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.