Атырау, 25 сәуір 06:24
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда ақпан айында еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина егеді

3 119 просмотра

Келесі айда Атырау облысында COVID-19 вакцинасын еге бастайды. Қаңтардың соңында «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы әкелінеді.

- Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен алгоритмге сәйкес, тұрғындарды ерікті вакцинациялау вакцинаға жауапты медицина мамандар кәсіби дайындықтан өткеннен кейін ақпан айында басталады, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 22 ұйымда егу кабинеттері дайындалды. Оның 15-і - мемлекеттік, қалғаны - жекеменшік. Екпе ерікті түрде жасалады, бірақ вакцинаны ең алдымен коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға көмек көрсететін медицина қызметкерлеріне егуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты өңірде дайындық шаралары басталды. Вакцинаның негізгі бөлігі облысқа «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен жеткізілетін 700 литрлік арнайы тоңазытқышта сақталады. Әкелінген дозаларды аудандарға тарату үшін 15 мемлекеттік емханаға көлемі 60 литрлік 2 және көлемі 110 литр 15 тоңазытқыш алынады.

Қазіргі уақытта облыста 2500 дозаны сақтайтын көлемі 180 литр тоңазытқыш бар. Жеке медицина мекемелері тоңазытқышты өз есебінен алады.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 қаңтар 2021, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.