Бүгіннен бастап Австрия тұрғындары дүкендер мен қоғамдық көлікте FFP2 санатындағы респиратор тағуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олардың аурудан қорғау қабілеттілігі жоғары. Алайда бағасы едәуір қымбат. Сондықтан ел билігі оны бір еуро бағамен сатуды шешкен. Тұрмысы нашар адамдарға тегін үлестіріледі. Бұл ережені бұзғандарға қомақты айыппұл салынады.
Сонымен қатар бүгін қоғамдық орындарда екі метр арақашықтықты сақтау ережесі күшіне енді. Австрия канцлері Себастьян Курц локдаун мерзімі ақпанның 7-не дейін ұзартылатынын хабарлады.