Атырау, 20 сәуір 02:12
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Оқиғалар тізбегі

2 463 просмотра

15 қаңтарда таңертең 102 пультіне белгісіз ер адамның Привокзальный-5 ықшамаудандағы №16 үйдің жанында әйелге шабуылдап, оны ұрып, сөмкесін алып қашып кеткені туралы қоңырау түсті. 

Оқиға орнына жедел жеткен Атырау патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше минуттың ішінде 26 жастағы күдіктіні ұстады, заттай айғақтар бар. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

***

17-19 қаңтар аралығында атыраулық полиция қызметкерлері айыппұл төлеуден жалтарып жүрген шетелдік көліктердің 17 жүргізушісін анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына («Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары») сәйкес, барлық көлік айып тұрағына қойылды. 16 көлікте ресейлік нөмірі, 1-уінде – армян нөмірі бар.

***

Көппәтерлі үйде көбіне көршілері түнгі уақытта түн тыныштығын бұзады. Мысалы, 18 қаңтарда түнгі сағат 02:00-де 102 пультіне Махамбет көшесіндегі үйдің 31 жастағы тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Көрші пәтерде ішімдік ішіп, у-шу болып жатқанына шағымданды. Шақыртуға келген полицейлер әйел мен екі ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы («Тыныштықты бұзу») бойынша хаттама толтырды. Әрқайсысына 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Айта кету керек, жыл басынан бері Атырауда тыныштықты бұзғаны үшін 60-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

***

14 қаңтарда шамамен 23.30-да Исатай мен Махамбет алаңында полиция қызметкерлері мас күйдегі бозбаладан құжатын көрсетуді сұрады. Ол Қызылқоға ауданының 17 жастағы тұрғыны болып шықты. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы») және 440-бап («Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу») бойынша хаттама толтырылды.

* * *

Құрманғазы ауданында ҰҚКД мен балықты қорғау қызметінің қызметкерлері бірлесіп, Қиғаш өзенінде заңсыз балық аулап жүрген браконьерлерді ұстады. Балық аулайтын 10 тор мен 227 келі сазан тәркіленді.

Дайындаған Айнұр  САПАРОВА

25 қаңтар 2021, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.