Атырау, 5 наурыз 09:13
 ашықВ Атырау +4
$ 420.71
€ 516.13
₽ 5.65

Авангардта газ жарылып, үш адам зардап шекті

Сурет Бейнежазба
2 646 просмотра

Кеше, 23 қаңтарда 18 сағат 34 минутта Авангард-2 ықшам ауданы, №18 үйдің екінші қабатында орналасқан 106-пәтердегі ас үйде тұрмыстық газ жарылды. Алдын ала болжам бойынша, газдың шығуы себеп болған, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Жарылыс салдарынан көрші №106 және №87 пәтерлердің арасындағы қабырға құлады.

Қалалық ТЖД басқармасы бастығының орынбасары Нұржан ЖАҚАТАЕВТЫҢ айтуынша, әдетте туристер жорыққа шыққанда пайдаланатын газ баллонынан газ шыққан. Зардап шеккендердің айтуынша, олар пеште балық пісіріп жатқан кезде газ атылған. Жарылыстан пәтердің жатын бөлмесінің қабырғасы көршісінің залына құлаған.

Үш адам - пәтер иесі және оған қонаққа келген екі туысы жарақат алды. Олар Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олардың екеуі үйіне жіберілді. Қазір ауруханада денесін 50% күйік шалған бір адам қалды.

Оқиға орнында ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Мамандардың айтуынша, алдын-ала болжам бойынша, бұған тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезіндегі абайсыздық себеп болған.

Айнұр САПАРОВА

ТЖД және әлеуметтік желіден алынған фотосуреттер мен бейнежазба

24 қаңтар, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.