Атырау, 25 қараша 14:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәскеу алаңында не болып жатыр

3 733 просмотра
© Sputnik / Алексей Майшев

Мәскеуде Пушкин алаңында келісілмеген акция өтіп жатыр. Полиция қатысушыларды ұстай бастады, деп хабарлайды sputnik.kz.

Оқиға орнында жұмыс істеп жүрген құқыққорғаушылар заңсыз акцияның қатысушыларына әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде мен қолғап кию қажеттігін ескертті, деп хабарлайды РИА Новости.

Полицейлер алаңға плакат ұстап келгендерді, сондай-ақ, балаклава, капюшон, шарфпен бет-аузын тұмшалағандарды ұстауға кірісті. Алаңда журналистер де толып жүр.

Мәскеу бойынша РФ ІІМ бас басқармасының мәліметінше, Пушкин алаңына санкцияланбаған іс-шараға төрт мыңға жуық адам жиналған.

Әзірге қатысушылардың нақты саны белгісіз.

Ресей ІІМ құқыққорғаушыларға қатысты әр арандату мен олардың заңды талаптарына бағынбау жеке тергелетінін ескертеді, деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Ирина Волк.

"Ресей ІІМ санкцияланбаған бұқаралық шараларға қатысуды жоспарлап отырған азаматтарға құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты арандату әрекетінің әр фактісі немесе олардың талаптарына бағынбау жеке-жеке тергелетінін және тиісті құқықтық баға берілетінін еске салады", – деп келтірді Волктың сөзін ІІМ медиа сайты.

Бұған дейін Ресейдің бас прокуратурасы мен ІІМ 23 қаңтарда Мәскеуде және басқа қалаларда жоспарланған санкцияланбаған акцияның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына жауапкершілік туралы бірнеше мәрте ескертті. Заңсыз акция қоғамдық тәртіпке төнген қауіп, арандату деп бағаланады және "бірден жолы кесіледі".

Сонымен қатар, бас прокуратура интернетте акцияларға қатысуға үндеген хабарламаларды таратуды тоқтатуды талап етті.

Айта кетсек, осыған ұқсас келісілмеген акциялар Ресейдің басқа қалаларында да өтіп жатыр.

Билік акцияларға рұқсат бермеу себебін эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауымен түсіндірді.

23 қаңтар 2021, 20:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.