Атырау, 25 қараша 14:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәскеуде Навальныйдың әйелі мен жақтастары ұсталды

Бейнежазба
3 326 просмотра

Мәскеудегі наразылық акциясы кезінде полиция Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальнаяны ұстады. Бұл жөнінде саясаткердің зайыбы Instagram парақшасында жариялады деп хабарлады Азаттық радиосы.

"Настоящее время" тілшісінің хабарлауынша, Навальнаяны Мәскеудің Большая Дмитровка көшесінің маңында ұстаған.

22 қаңтарда Юлия Навальная алаңға шығатынын айтқан. "Мен қайтпас қайсар, батыл азамат үшін [алаңға] шығамын, оны улап, өлтіруге тырысып жатыр, ал ол соған қарамастан ештеңеден қаймықпай жүр. Өзім қатты жақсы көретін адам үшін шығамын" деді ол.

Навальныйдың әйелі бұрын көбіне тек рұқсат етілген шараларға ғана қатысып жүретін.

Тілшілер Мәскеудегі Пушкин алаңынан Алексейдің және қазір қамауда отырған Олег Навальныйдың анасы Людмила Навальнаяны да байқаған.

Бұдан бұрын полиция Пушкин алаңынан "Жемқорлықпен күрес" қорының заңгері Любовь Собольді ұстап әкеткен.

"Настоящее время" Собольді ұстаған сәттің видеосын Twitter парақшасына салды.

Ресей ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша алаңға төрт мыңдай адам жиналған.

Шара өтетін уақытқа бір сағат қалғанда-ақ Пушкин алаңы адамға толы болды. Тверьская көшесінің екі жағында да адам көп.

  • 23 қаңтарда оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары оны қолдау үшін жалпыұлттық қарсылық акциясын ұйымдастырып жатыр. Елдің түкпір-түкпірінде мыңдаған адам қатысқан митингілер өтіп, жүздеген адам ұсталды.
  • "Новичок" уымен уланып, ауруханаға түскен Алексей Навальный Германияда емделіп, 17 қаңтарда Ресейге келген бетте Мәскеу әуежайында ұсталған.
  • Қиыр Шығыс пен Сібірде мыңдаған адам қатысқан жиындар. Мәскеудің Пушкин алаңында, Санкт-Петербургтың Сенат алаңында жиын әлі жалғасып жатыр. Полиция жиын басталмай жатып белсенділерді ұстай бастаған.

Азаттықтың "Настоящее время" арнасы оқиға орнынан тікелей хабар таратып жатыр.

23 қаңтар 2021, 20:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.