Атырау, 13 қазан 15:23
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Өткен тәулікте Атырау облысында Covid-19 инфекциясын жұқтырған 104 адам анықталды

3 416 просмотра

Атырау облысында өткен тәулікте 104 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 26-сы  Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 69 жұмысшыдан,  Қызылқоға-1, Жылыой-4, Құрманғазы ауданында 4 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 22- інде ауру симптомды түрде өтуде.  Өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 54 адам  емделіп шықты. Қазіргі уақытта 248 адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда 104  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 42,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 814 адам оқшауланып, ем қабылдауда.

Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы "қызыл аймақта"  қалып отыр. 

23 қаңтар 2021, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.