Атырау, 25 қараша 14:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Моңғолия премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

3 916 просмотра

Бүгін Моңғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух өзінің отставкаға кететіні туралы ресми түрде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап. 

Арнайы өткен баспасөз мәслихатында ол екі күн бұрын жаңа босанған әйелді нәрестесімен бірге астаналық перзентханадан Ұлттық ішек ауруларын зерттеу орталығына ауыстыру жағдайын еске түсіріп, жауапты тұлғалардың жіберген қателігі мен рақымсыздығы үшін өкінішін білдірді. «Мемлекеттік қызметкерлердің атынан олардың жауапсыздығы үшін және өзімнің атымнан болған оқиғаға байланысты өкінішімді білдіремін», - деп мәлімдеді У.Хурэлсух. 

Бұдан кейін ол Covid-19 пандемиясы жағдайында 1.6 млн тұрғыны бар ел астанасында қатаң карантин және кейбір аймақтарда қозғалысты толық шектеу бойынша шаралар қолданылғанын айтты. Премьер-министр бұл жерде қателіктер жіберілгенін атап өтті. 

«Менің кабинетімнің екі мүшесі аталған қателіктерге жол бергеніне қатысты отставкаға кетуді сұрады. Бұл кабинет алғаш рет құрылғанда, біз командамен жұмыс істеуді жоспарлаған едік. Өкінішке қарай, бұлай болмады. Халық осыған байланысты алаңдаушылық білдірді. Жас азаматтардың үкіметке өкінішін білдіру үшін көшеге шыққаны дұрыс. Премьер-министр ретінде осындай шешім қабылдап отырмын, жауапкершілік бәрімізге ортақ болуы тиіс», - деді У. Хурэлсух.

23 қаңтар 2021, 01:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.