Атырау, 26 сәуір 20:14
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Шалғайдағы елді мекендермен байланыс бар

2 685 просмотра

Қызылқоға ауданында қыстақта 425 шаруа қожалығы отыр. Мамандардың айтуынша қар қалың емес, 10-15 см шамасындай. Шаруалар мал азығын үнемдеп, ауа райының қолайлылығын пайдаланып қалу үшін малды жайып бағуда. Ал қыстақта әйелдің толғағы қысса, қайтеміз?

- Барлығында ұялы байланыс бар. Науқастанып қалғандар болса «жедел жәрдем» барады, - дейді аудан әкімінің орынбасары Жарас ЕСЕНҒАЛИЕВ. -   Биыл қаңтарға дейін 410 жүкті әйел тіркеліп отыр. Босануға жақындағандардың қырдан ауылға ертерек келуін ақхалаттылар назарда ұстап отыр. Биыл санавиация шақыртуға қажеттілік болған жоқ. Ал сырқаты бар әйелдер Астана мен Атырауға барып жеңілденетін болып бір ай бұрын жіберіліп отыр. Өткен жылы аудан бойынша 711 әйел босанды, ана өлімі болған жоқ. 5 сәбидің шетінеуі тіркелді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

25 қаңтар 2021, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.