Атырау, 26 сәуір 09:23
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ішімдікке салынған ана

3 075 просмотра
Көрнекі сурет

20-22 қаңтар аралығында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өтті.  Түнде қалада бала көп жүретіні анықталды.  

Атап айтсақ, ювеналды полиция инспекторлары түнде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүрген 17 жасөспірімді анықтады. 15 ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 1 бөлімімен (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) хаттама толтырылып, олар үш АЕК мөлшерінде айыппұл төледі. Тағы 2 ата-анаға айыппұл көбірек шықты (жеті АЕК) – себебі аталған құқықбұзушылықты бірнеше рет жасаған.

Одан басқа, кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесіне немқұрайлы қараған ата-ана анықталды. Мысалы, 20 қаңтар күні А.Құнанбаев көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде тұратын 37 жастағы азаматшаның үйінде жасөспірім балаларының көзінше ылғи ішімдік ішіп, бала тәрбиесімен айналыспайтындығын айтып, «102» операторына  хабарлама түскен. Полиция қызметкерлерін де әйел «масаң» күйде қарсы алды. Оған  ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) хаттама толтырылды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қаңтар 2021, 23:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.