Атырау, 13 қазан 15:25
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырау облысында коронавирустың 111 жағдайы тіркелді: қалада ауру жұқтырғандар көбеюде

4 135 просмотра

Атырау облысында өткен тәулікте 111  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Коронавирус жұқтырған науқастардың 29-ы Атырау қаласынан тіркелген. Скрининг кезінде Теңіз кенішінен 71 жұмысшыдан,  Қызылқоға-2, Жылыой-2,  Индер-1, Исатай-1, Мақат -1, Құрманғазы  ауданында 4 адамнан Сovid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 26- ында ауру симптомды түрде өтуде.

Өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 63 адам  емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 166 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  103 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 41,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 848 адам оқшауланған.

Еске сала кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы "қызыл аймаққа" енген. 

22 қаңтар 2021, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.