Атырау, 25 сәуір 20:28
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жолаушы тасымалдау ережесі күшейтілді

3 016 просмотра

Атырау облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің көліктердің толу деңгейі орындарға сәйкес болуы керек.

"Қоғамдық автокөліктің жұмыс режимін  біркелкі қозғалыс кестесімен, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін белгілеу;

Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету.

Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі", - делінген қаулыда.

Жеңіл көліктің (такси) толымдылығы 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 22 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

21 қаңтар 2021, 21:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.