Атырау, 18 сәуір 05:17
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Кутум балығы қайта шықты, бірақ оны аулауға әлі де тыйым салынған

4 592 просмотра

Жергілікті браконьерлердің «бақылауы» бойынша Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген кутум балықтары уылдырық шашу үшін Жайыққа келе бастаған.

Әлеуметтік желіде кутум балығын сатамын деген хабарландырулар бар. Мен сонда көрсетілген нөмірлердің біріне қоңырау шалдым – сатушы әйел ол балықты оған Геолог ықшамауданының балықшылары әкелетінін айтты. Оның үстіне ол балыққа сұраныс жоғары екен, себебі өзі қаракөзге ұқсас әрі майлы.

Бұрын кутум популяциясын қалпына келтіру туралы айтылып жүрді, бірақ тек Каспий теңізінің Маңғыстау облысымен шектесетін аймағында ғана. Өткен жылдың мамыр айында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің отырысында ҚР Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Атырау филиалының директоры Ерболат КАДИМОВ (Ақтау қаласында жоқ болғасын болар) кутумды сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлері тізімінен алып тастау жөніндегі ұсыныс айтқан еді.

Бірақ, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында бүгінде кутум Қызыл кітапқа енгізілген балық түрі болып қала береді және оны аулағаны үшін көп мөлшерде айыппұл төлейді деп түсіндірді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ. Кутум – тұқы тұқымдас балық, Каспий теңізінде тұщы және тұзы аз суда тіршілік етеді. Ұзындығы 45-55 сантиметрге жетеді, кем дегенде 70 және салмағы 7 келіге дейін тартады. Кутум кеңінен таралып, өнеркәсіптік жолмен ауланды, бірақ қазір қарқынды аулау мен табиғаттың ластануына байланысты оның саны айтарлықтай азайды. Балықтың еті мен уылдырығы – өте дәмді, ол Иран мен Әзірбайжанда жоғары бағаланады.

21 қаңтар 2021, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.