Атырау, 20 сәуір 18:41
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау облысындағы пара сомасы - 185 миллион теңгеге дейін

2 823 просмотра

20 қаңтарда өткен брифингте Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қанат СҮЛЕЙМЕНОВ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесін жариялады. Оның айтуынша, біздің облыста кеңінен таралған сыбайлас жемқорлық қылмысы - парақорлық: өткен жылы осындай 33 факт анықталған, пара сомасы - 10 мыңнан 185 миллион теңгеге дейінгі аралықта.

Содан кейінгі кезекте - лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (28 факт), ұрлық (24), кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу қылмыстары. Жалпы, Сүлейменовтің айтуынша, 2020 жылы 109 жемқорлық қылмысы ашылған, оның 91-ін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, 14-ін полиция департаменті және 4-еуін – ҰҚКД ашқан. Былтыр сыбайлас жемқорлыққа ең көп жол бергендер - атқарушы билік органдарының басқарма бөлімшесі, әсіресе, бұл денсаулық сақтау, ТКШ, құрылыс және әлеуметтік қамсыздандыру салаларына қатысты. Білім беру саласында жемқорлықтың азаюы байқалды, деп атап өтті Сүлейменов. Бірақ бұл ең алдымен, карантин шектеулеріне байланысты сияқты көрінеді.

- Әкімдік бөлімдері мен басқармаларда кең таралған қылмыстар – лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда бюджет қаражатын жымқыру, орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін пара алу, - дейді Сүлейменов. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 23 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, соның ішінде «Өңірлерді дамыту» - 12, «Нұрлы жер» - 5, «Денсаулық» - 3.

Жергілікті атқарушы органдардан ішкі істер органдары да қалыспай келеді. 2020 жылы полицейлер 31 жемқорлық қылмысын жасаған.

- Негізінен полиция қызметкерлерінің қызметтік өкілеттігі аясындағы мәселелерді шешу бойынша заңсыз әрекеттер жасап, пара алғаны және жалпы қамқорлық жасағандары әшкере болды, - дейді Сүлейменов.

Оның айтуынша, өткен жылы департамент өндірісінде болған қылмыстық істер бойынша келтірілген шығын 1 миллиард 388 миллион теңге болған, оның 1 миллиард 268 миллионы өтелген. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы хабарлаған 13 адамды 1,9 млн теңгемен марапаттаған.

Айнұр САПАРОВА

21 қаңтар 2021, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.