Ресейде сегіз әскериді атып өлтірген Рамиль Шамсутдинов 24,5 жылға сотталды, Енді ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Желтоқсан айының соңында алқабилер Шамсутдиновты кісі өлтіру және кісі өлтіру әрекеті үшін кінәлі деп таныған болатын.
Сот өкілінің айтуынша, Шамсутдинов үкім айтылғанда тыныш отырды.
Сондай-ақ жәбірленушілердің сотталушыға қатысты талаптары ішінара қанағаттандырылғаны айтылады.
"Төртеуіне - 1,5 миллион рубль, екеуіне- 1,3 миллион, біреуіне - 1,2 миллион рубль", - деп жазады агенттік.
Еске салайық, сарбаз Рамиль Шамсутдинов 2019 жылдың 25 қазанында Байкал сыртындағы Горный ауылындағы әскери бөлімде әскерилерді атып тастаған болатын. Жеті адам оқиға орнында, біреуі ауруханада қайтыс болды.