Атырау, 20 сәуір 01:17
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Интернет болмаса, қалай оқимыз?

3 239 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

«АЖ»-ға Жылыой және Мақат аудандарының тұрғындары интернет желісіндегі кедергілердің кесірінен туған проблемалар туралы наразылық білдіріп хабарласқан болатын.

- Міне, он күннен асты интернеттің ажырағанына. Үйде үш балам мектепте, екі балам жоғары оқу орнында оқитын еді. Мектептегі мұғалімдер түсіністік танытқанымен, жоғары оқу орындағылар студенттерге «жоқ» белгісін қойып жатыр. Олардың кінәсі қандай? Мобильдік бірлік шақ келер емес, өзім көп балалы анамын. Күйеуім жұмыста бірде бар, бірде жоқ. Қазақтелекомға 165 нөміріне бірнеше рет соқтым. Нәтиже шығар емес, - дейді Гүлсім.

Мақат ауданы Доссор кентіндегі өткен жылдың қарашасында пайдалануға берілген 60 пәтерлік үй тұрғындары да интернеттің жоқтығына шағымданды. Сондай-ақ, Жылыой ауданы Қосшағыл, Майкөмген ауылдары мен Құлсары қаласынан да бірнеше адам хабарласты. Олар балаларының онлайн сабаққа қатыса алмай жүргенін айтып қынжылды.

- Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы Атырау жергілікті желілер техникалық торабы Жылыой ауданының желіжол желілерінде байланыс қызметтерін ұсынуда ақаулар орын алып жатқандығын хабарлайды, - дейді Атырау жергілікті желілер техникалық торабының директоры Нұрлан МАКУЛОВ. - Мәселені шешу үшін мамандар бригадасы Атырау қаласынан шұғыл жіберіліп, жұмыс жасауда. Қосымша тағы бір бригада жіберіледі. Жақын арада ақауалар жойылады.

Тораптың баспасөз қызметіне интернет желісінен ажыраған бірнеше адамның мекен-жайы, телефоны жазылған ақпарды қоса жолдағанбыз. Олар бойынша да бір бөлек жұмыс жүруде.       

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 қаңтар 2021, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.