Атырау, 13 қыркүйек 11:27
 дождьВ Атырау +15.2
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Tengizchevroil ЖШС-ның басшысы болып Қазақстан азаматы тағайындалуы мүмкін - Ноғаев

3 959 рет қаралды
Сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Сәрсенбі, 20 қаңтарда, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Tengizchevroil ЖШС-ның жаңа бас директоры – Кевин Лионды қабылдады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Нұрлан Ноғаев Tengizchevroil ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Имер Боннерге бірлескен жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, Кевин Лионның жұмысына сәттілік тіледі. 

Энергетика министрі өз сөзінде компанияның құрылтай құжаттарына сәйкес болашақта Tengizchevroil ЖШС-ның басшысы болып Қазақстан азаматы тағайындалуы мүмкін екенін атап өтіп, бұл қадам Қазақстан үкіметі мен Chevron компаниясы арасындағы ұзақ және тиімді ынтымақтастықтың тарихына қомақты үлес екенін атап өтті.
 
Тараптар мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығын, жергілікті қамтуды дамыту қорын құру және COVID-19 пандемиясының мұнай-газ секторына әсерін талқылады.
 
Энергетика министрі еліміздегі пандемиямен күресте ТШО-ның көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіріп, Теңіз кен орнында санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейту туралы бірқатар тапсырма берді.

21 қаңтар 2021, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.