АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байден ұлықтау рәсімінен кейін Трамптың бірнеше шешімін алып тастауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Тенгриньюз France 24 сайтына сілтеме жасап.
Байден Трамптың бірқатар шешімін қайтарып алу үшін 17 жарлыққа қол қоймақ. Оның ішінде, Байден Мексикамен шекарадағы қабырға құрылысын қаржыландыруды тоқтатуға ниетті және құрылысқа кеткен ақшаны қайда бағыттау керегін қарастырады. Айта кетейік, қабырға Трамптың сайлау алдындағы уәделерінің бірі болған.
Джо Байденнің жоспарына сәйкес, жарлықтар Дональд Трамп енгізген біржақты шараларды алып тастауға бағытталған, қалғаны денсаулық сақтау және пандемия салдарынан туындаған экономикалық дағдарысты шешуге арналған.
Басылым мәліметінше, Байден Америка Құрама штаттары қайтадан Париж келісіміне қатысушы елдердің қатарына кіретінін жариялайды. Дүние жүзінің 195 мемлекеті қолдаған келісімшарт елдерді атмосфераға зиян қалдықтардың деңгейін шектеуге міндеттейді.
Байден президенттігінің алғашқы күні пандемиямен күрес барысында қолданылатын ережелерді айтады. Оның ішінде, 100 күндік маска сынағы (100 Day Masking Challenge) басталып кеткен.
"Барлық федералдық аймақта және штаттар арасында шекарадан өту кезінде маска тағу міндетті", - деді Байден әкімшілігінің басшысы Рон Клейн.