Атырау, 17 сәуір 00:43
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Енді масканы 15 теңгеден сатып алуға бола ма?

2 454 просмотра

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті медициналық маскалардың бағасын 15 теңгеге дейін төмендету шараларын қабылдады.

20 қаңтарда «Семейное» дәріханалар желісімен бірге нарықта тиісті мінез-құлық стандарттарын сақтау туралы тиісті монополияға қарсы комплаенс (келісім) жасалды. Комплаенс ашық сауда саясатын көздейді және монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына жол бермейтін құрал болып табылады.

Пандемияның алғашқы толқыны кезінде Атырауда бір медициналық масканың құны 150 теңгеге дейін жетті. Монополияға қарсы органдар шара қолданғаннан кейін бағалар 20-25 теңгеге дейін төмендеді.

Бағаның төмендеуіне Атырау облысында маска шығаратын өндірістің болуы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсете отырып, масканы көтерме бағамен сату туралы дәріханалардың шешімі ықпал етті.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 қаңтар 2021, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.