Атырау, 29 наурыз 14:19
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Облыстық аурухана жарты жылға қалай жұқпалы аурулар ауруханасына айналды​

2 538 просмотра

Атырау облыстық ауруханасының директоры Ербол ИМАНҒАЛИЕВ брифингте журналистердің сұрағына жауап бере отырып, жалақысы айына 360 мың теңге, дәрігерлердің орташа жалақысы 112 мың, ал медбикелердікі 80 мың теңге екенін айтты. Бұдан басқа, кезекшілік үшін, санат үшін және т.б. әр түрлі үстемелер бар.

Иманғалиев коронавирус инфекциясы үдеген кездегі аурухананың жұмысы туралы айтты:

- 2020 жылдың 14 сәуірінен бастап күшейтілген режимде жұмыс істедік. 40 орындық КВИ бөлімшесі ашылды, жоспарлы қабылдаулар тоқтатылды. 10 күннен кейін ауру жұқтырған 60 адамды, біраз уақыттан кейін тағы 80 адамды қабылдадық. Шілде айында біз 400 орындық инфекциялық ауруханаға айналдық. Көп бөлімшелер жабылды, хирургия және гинекология бөлімшелері теміржол ауруханасына, ал терапевтік бөлімше жеке емханаға  көшті. Аурухана карантин режимінде 5 ай жұмыс істеді. Тек 10 қыркүйектен бастап өзіміздің негізгі қызметімізді жалғастырдық.

Оның айтуынша, қазір олар инфекция жұқтырған науқастарды қабылдамайды. Алайда ауру көбейген жағдайда облыстық аурухана ауру жұқтырған пациенттерді қабылдау бойынша инфекциялық және модульдік ауруханадан кейін үшінші боп тұр. Жақында бұл жерге ғимараттың 360 нүктесіне қосылатын оттегі станциясы орнатылды. Дәрі-дәрмек қоры екі айға жетеді, соның ішінде COVID-19 емдеуге арналған дәрілер бар.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

20 қаңтар 2021, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.