Атырау, 23 желтоқсан 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 74 адам анықталды

2 428 рет қаралды

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 74 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Инфекция жұқтырғандардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Скрининг нәтижесінде Теңіз кенішінде 57 жұмысшыдан,  Қызылқоға ауданында - 1, Махамбет ауданында - 1, Индер ауданында 1  адамнан анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 12- адамда ауру симптомды түрде өтуде.

Өткен тәулікте облыста 63 адам коронавирустан емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 223 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  97 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 36,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 767 адам ем алуда.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл аймақта» қалып отыр.

20 қаңтар 2021, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.