Атырау, 23 желтоқсан 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Боқаевқа әкімшілік қадағалау тағайындау туралы сот кейінге қалды

Бейнежазба
2 292 рет қаралды
УГ 157/9 кіре берісі

Бүгін, 19 қаңтарда Атырау қалалық №2 сотында Макс Боқаевқа қатысты әкімшілік қадағалау тағайындау туралы сот отырысы өтуі керек еді.

Сағат 15:30-да онлайн-отырысқа еліміздің әр түкпірінен 15-ке жуық тәуелсіз бақылаушы мен журналистер қосылды. Алайда судья Ержан ӘЛІПҚАЛИЕВ УГ 157/9 мекемесімен байланыс болмағандықтан, отырысты сағат 16:30-ға ауыстырып, мекеме ғимаратында көшпелі отырыс тағайындады.

Бақылаушылар бұл процесті мүмкіндігінше жабық ету үшін әдейі жасалды деген нұсқаны бірден алға тартты.

Жергілікті құқық қорғаушылар 157/11 мекемесіне барды, бірақ қорғалатын объект аумағына азаматтардың кіруіне тыйым салынғанын айтып, оларды кіргізбеді.

Сәлден кейін оларға Боқаеваның адвокаты Жанар СҮНДЕТҚАЛИЕВА шығып, былай деді. Көшпелі отырысқа Боқаевтың өзі, адвокат, прокурор және судья қатысты. Боқаев бұл процестің ашық болуын және бақылаушыларды кіргізуді беруді талап етті.

- Алайда судья бас тартты, содан кейін Макс оған сенімсіздік білдіру өтінішін берді. Енді отырыс осы өтініш ұаралғанша кейінге қалдырылды, - деді адвокат.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Сурет пен бенежазбаны түсірген автор

19 қаңтар 2021, 21:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.