Атырау, 5 желтоқсан 08:48
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Атыраудың" бас бапкері келісімшартын жазға дейін ұзартты

2 544 рет қаралды

«Атырау» футбол клубы бас бапкер Арам ВОСКАНЯНМЕН келісімшартты алты айға ұзартты. «Атырау» ФК баспасөз хатшысы Дастан ИБРАЕВТЫҢ айтуынша, Восканян жұмысын биылғы маусымның соңына дейін жалғастырады.

Енді клуб премьер-лигаға қатысу үшін сертификаттаудан өтіп жатыр.

- Өткен жылы армениялық маман баптаған «Атырау» футбол клубы қойылған мақсатына жетіп, Премьер лигаға жолдама алған болатын. Қазіргі таңда негізінен жергілікті ойыншылардан құралған команда Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиындарына баруға дайындық жүргізуде, - деп хабарлады ФК баспасөз қызметі.

Арам Восканян кезінде «Бананц», «Арарат», «Пюник», «Мика» (барлығы - Армения), «Локомотив», «Балтика» (Ресей), «Локомотив» (Өзбекстан) клубтарында көрсеткен ойынымен жақсы таныс.  Қазақстанда Петропавлдан «Есіл-Богатырь» ФК түстерін қорғады. 2004 – 2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының чемпионатында 137 матч өткізіп, 41 гол соққанын айта кету қажет. Бас бапкер ретінде (2016 жылы "Бананц" ФК-мен) Армения Кубогын жеңіп алды және екі рет ("Мика" ФК-мен) Армения чемпионатының жүлдегері  атанды.

Айнұр САПАРОВА

19 қаңтар 2021, 21:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.