Атырау, 23 шілде 06:50
 дождьВ Атырау +23.3
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартатын болды

2 056 рет қаралды

Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Республиканың денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтауға арналған тоңазытқыштардың болмауы себеп болды, - деп хабарлайды Тенгриньюс РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Бізге америкалық Pfizer вакцинасы ұсынылды. Алайда вакцинаны -70 градус температурада сақтау керек. Біз миллионнан аса дозаны тегін бергіміз келді. Вакцинациялау үшін бізге арнайы тоңазытқыштар қажет. Бірақ бізде мұндай тоңазытқыштар жоқ", - деді министр мемлекеттік "Бірінші радиоға"("бірінші радио") берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, мұндай температураны ұстап тұра алатын тоңазытқыш шамамен төрт мың доллар тұрады. Ал бюджетте ондай қаражат жоқ.

19 қаңтар 2021, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.