Атырау, 25 қараша 14:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Навальный 30 тәулікке қамалды

1 855 просмотра

Алексей Навальный отыз тәулікке қамауға алынды. Тиісті шешімді Мәскеу түбіндегі Химки қалалық сотының судьясы шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Вадим Кобзевке сілтеме жасаған ТАСС жазады.

Оппозиционердің сынақ мерзімі режимін бұзуы туралы істі қарау 29 қаңтарға белгіленді.

Сотты судья Химкидегі ішкі істер бөлімінің ғимаратында өткізе салды, ол жерге Навальный кеше кешкісін Шереметьево әуежайынан жеткізілген болатын.

Бұған дейін ІІМ блогердің сотын көшпелі форматта өткізу туралы шешімін түсіндірген. Бұған карантиндік шектеулер себеп деген еді.

Енді Навальный өзінің шартты мерзімі нақты мерзімге ауыстырылатыны шешілетін сот отырысын тергеу абақтысында күтеді.

18 қаңтар 2021, 23:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.