Атырау, 25 қараша 14:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ пен Ресей Навальный үшін "керісіп қалды"

2 362 просмотра

Фото ©REUTERS
АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденнің серіктесі Джейк Салливан Ресей қамауға алынған оппозиционер Алексей Навальныйды босату керек деп мәлімдеді. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова оған жауап қайтарды, - деп хабарлайды Тенгриньюс DW сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденнің серіктесі Джейк Салливан Twitter желісінде пікір қалдырды.

"Навальныйды тез арада босату керек, ал оған қастық жасағандарды жауапқа тарту керек. Кремльдің Навальныйға шабуылы - бұл адам құқығын бұзу ғана емес, өз дауысын естіртуге тырысып жатқан ресейліктердің намысына тию", - деп жазды Салливан.

Сондай-ақ америкалық сенатор Берни Сандерс те Алексей Навальныйды босатуға шақырды. Сандерс оппозиционердің Ресейге қайтып келуін ерлерге тән әрекет деп, АҚШ "жемқорлықпен күресіп, әлемде демократия үшін жұмыс істейтіндерді қолдау" керегін айтты.

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Салливанның мәлімдемесіне жауап ретінде шетелдік саясаткерді "халықаралық құқықты қорғауға" және "өз еліндегі мәселелермен алмасуға" шақырды.

Еске салайық, кеше Берлиннен Мәскеуге ұшып келеді деген "Победа" әуекомпаниясының ресейлік саясаткер Алексей Навальный мінген ұшағы Внуково әуежайына қонады деп жоспарланған. Алайда ұшақ Шереметьевоға қонды.

Шереметьево әуежайында төлқұжат тексеріп жатқанда полицейлер Навальныйды ұстады. Ол қорғаушысы мен әйелінсіз кетті.

18 қаңтар 2021, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.