АҚШ өкілдер палатасы Дональд Трампқа импичмент жариялау үшін дауыс берді. Дауыс беру қазіргі президенттің жақтастары Капитолийді басып алғаннан кейін бір аптадан соң өтті. Бұл туралы sputnik.kz хабарлайды.
Трампты биліктен аластату үшін төменгі палатаның 232 мүшесі, оның ішінде он республикашыл дауыс берді, 197-сі қарсы болды.
Президент ерекше ауыр қылмыстарға және бүлік шығаруға шақырды деп айыпталып жатыр.
Импичмент жарияланғаннан кейінгі мәлімдемесінде Трамп сенат шешіміне қатысты ешқандай пікір білдірмеді.
Бұдан әрі Трампты не күтіп тұрғаны біздің видеода айтылады.
Дональд Трамп екі рет импичмент жарияланған алғашқы америкалық президент болды.