Атырау, 26 сәуір 21:20
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Индерлік пошташылар неден қорқады?

Сурет Бейнежазба
3 681 просмотра

Индербор кентіндегі аудандық пошта байланыс торабы ғимараты 1971 жылы пайдалануға берілген. Ал мұндағы қызметкерлер күтімсіз қалған ғимарат үстімізге құлап кете ме деп, әр күнін қорқынышпен өткізуде. 

Есепшілер бөлмесіндегілер әлдене сықыр етсе, далаға тұра қашатын болды. Өйткені сол жердегі ғимараттың төбесі ашылып, тастамалар түсіп кетейін деп тұр.

- Күзде шатыр ұшып кетіп, сол жақ ғимараттың блогы құлаған. Есепшілердің отыратын басқа орны жоқ. Қорқынышты болса да пайдаланып отырмыз, құдай сақтасын деп. Басқа ғимарат сұрастырғанбыз, тауып бере алмай жатыр, - дейді Индер ауданы почта торабы бастығының міндетін атқарушы Гүлхан ХАСАНОВА.

- Жуырда Есбол ауылынан бір қария хабарласып, зейнетақы алу үшін аудан орталығына баруға тура келеді, ал онда кезек көп, деп шағымданды.

 - Пошта торабы шығынмен жұмыс істегендіктен, ауылдағы операторлардың күнделікті жұмысы екі сағатқа көшкен. Ал Есбол ауылындағы операторымыз декреттік демалыста. Орнына кісі таба алмай отырмыз. Жұмысы көп, жалақысы аз.




Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

26 қаңтар 2021, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.