Атырау, 20 сәуір 04:05
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жаңа облыстық мәслихат: кім қандай комиссияда не нәрсеге жауапты

Сурет
3 519 просмотра

15 қаңтарда Атырау облысының VII шақырылған жаңадан сайланған мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Әлібек НАУТИЕВ облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды, ол сол күні облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылған еді. Облыстық мәслихаттың бұрынғы хатшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН, кейін білгеніміздей, зейнетке шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Нәутиев 2016 жылы мамырда АҚШ-қа оқуға кеткен Шыңғыс МҰҚАННЫҢ орнына облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Айтпақшы, қазір Ш.Мұқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарады.

Жаңа депутаттық құрам мынадай: «Nur Otan» партиясы - 25 орын, Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы - 3, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 3 орын.

Жаңадан сайланған депутаттарға мандат тапсырылғаннан кейін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Азамат СӘЛІМБАЕВ 2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, келесі жылы мұнай өндірумен байланысты емес экспорт көлемін 30 пайызға арттыру жоспарланып отыр.

- Бұл мақсат жергілікті қамту үлесін арттыру, атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын дамытудың Жол картасы аясында мемлекеттік қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады, - деді Сәлімбаев. - Ал бүгінде көмірсутек шикізатын жеткізумен тікелей байланысты емес экспорттың 80%-ы Атырау мұнай өңдеу зауытының еншісінде. Зауыт бензин, авиакеросин және мазут секілді шикізат емес өнімдерді экспорттайды. 13,8% химия өнеркәсібінен (полипропилен және полиэтилен), 1,4% мұнай-газ машина жасау саласынан, 0,7% құрылыс материалдарынан және 0,4% тамақ өнеркәсібінен келеді.

Баяндамаға сүйенсек, Атырауда «Құрман» шаруа қожалығында сүт пен сүт өнімдерін өңдейтін цех ашу және «Темірлан Агро 7661» шаруа қожалығының жанынан агроөнеркәсіптік кешен салу жоспарланып отырғаны да айтылады.

2021-2025 жылдары бюджет қаражаты есебінен өңірімізде 92 тұрғын үй мен 51 инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу жоспарлануда.

Облыс депутаттарына оралсақ: бүгінгі сессияда олар тұрақты комиссияларға бекітілді, олардың құрамы:

I. Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік дамыту жөніндегі тұрақты комиссия:

1. Қарсақова Замзагүл Оңдасынқызы 

2. Хамитова Гүлсім Жақайқызы

3. Баймұханов Ізтұрған Ұзақбайұлы

4. Құлғалиев Сағидолла Саламатұлы

5. Өмірғалиева Айгүл Мәулішарифқызы

6. Қаршегенов Оразғали Төлеуғалиұлы

7. Алтынбеков Нұрлыбек Алтынбекұлы

8. Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлы

II. Экология, табиғатты пайдалану және аграрлық сектор мәселелері бойынша:

1. Идрисов Саламат Нұрмұханұлы

2. Жолмұханова Әсел Бауыржанқызы

3. Дүйсенгүл Бексұлтан Рамазанұлы

4. Мағзомов Қадырбек Тілегенұлы

5. Семғалиев Әлібек Аманжанұлы

6. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы

7. Сұлтанов Сабыржан Қыдырсихұлы

III. Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері бойынша:

1. Ғабдуллин Айбек Серікұлы

2. Қарабаева Айжан Сәрсенқызы

3. Қадыров Серік Нұрбайұлы

4. Шалабаева Нәсіп Қисметоллақызы

5. Қоныс-Қайрат Қонысұлы

6. Бейсіқали Толқын Ермекқызы

7. Идресов Абдолла Хамиұлы

8. Сисенов Айтпай Фандыбайұлы

IV. Заңдылық, құқық қорғау және депутаттық әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша:

1. Абдолов Амангелді Аманиязұлы

2. Самаликов Абзал-Сенбі Ізбасарұлы

3. Жакиев Асылбек Мұхитұлы

4. Мүтәлиев Нұрлан Рашитұлы

5. Дюсупкалиева Индира Жантемірқызы

6. Жұбанов Әділ Орынбасарұлы

7. Шин Константин Алексеевич

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

16 қаңтар 2021, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.