Атырау, 19 сәуір 11:56
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Қатты желде қырға шықпаған жөн

1 757 просмотра

14 қаңтарда қатты желден Қызылқоға және Жылыой аудандарында жергілікті тұрғындардың жоғалған фактісі тіркелді.

ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, 14 қаңтарда кешкі сағат жетіде Құлсары қаласындағы «Есен-Аман» ШҚ күндіз шыққан  екі шопан қойлармен бірге хабарсыз кеткені туралы ақпарат түскен. 

- Оларды іздестіруге TРЭКОЛ автокөлігімен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері және «Есен-Аман» ШҚ-ның 1 қызметкері шықты,  - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. – Құтқарушылар түн ортасына таман Құлсары – Мұқыр тас жолының бойындағы Шолтақай учаскесіндегі (Құлсарыдан 70 км) мал қыстағына жетіп, 30 шақырым радиуста жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, сағат 02.50-де жоғалып кеткендерді - Ақтөбе облысының 42 жастағы тұрғыны мен Өзбекстанның 38 жастағы азаматын тапты. Олардың айтуынша, қатты желдің салдарынан 950 қойдан айырылып, өздері адасып, қыстаққа жете алмай қалған.

Олар орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары қалыпты.

Сол күні сағат 20:20-да Қызылқоға ауданында 34 жастағы жергілікті тұрғын «УАЗ» көлігімен Аттырған ауылынан күндіз Жангелдин ауылына қарай жолға шығып, кері оралмай қалғаны туралы хабарлама түсті. Оны іздестіруге жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігімен 6 адам шықты. Жоғалған адам түн ортасында аудан орталығы Миялыдан 57 км қашықтықта, Жамансай учаскесінен табылды. Ол көлікте бензин таусылғасын далада тұрып қалған екен.

- Жоғалған азамат табылған кезде оған медициналық көмек қажет болған жоқ, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

16 қаңтар 2021, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.