Атырау, 26 сәуір 18:01
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Арбат" Индерде де бар

Сурет Бейнежазба
2 887 просмотра

Индер ауданы Индербор кентінде өткен  жылдың аяғында екі бірдей демалыс орны пайдалануға берілді. Бұл демалыс орындары екі жылдық кепілдігімен кент әкімшілігінің балансысына қабылданды. Оның қалай шыққаны – «АЖ» материалында.

АРБАТ

Мәскеу қаласындағыдай болмағанымен, осы аттақа ие арбат кентте бұрыннан бар. Оның жалпы аумағы 7217 шаршы метр. Алайда, соңғы жылдары тозығы жетіп, күтімсіз қалды. Өткен жылы арбаттың жаңа бейнесін жасақтау үшін бюджеттен 306 млн 510 мың теңге бөлінді. 


Мердігер ақтаулық «Оңдасын Строй» ЖШС-і. 2020 жылдың мамыр айында басталған жұмыс желтоқсанда толықтай бітті. Қазір бұл жерде екі шахмат үстелі, «Жанұя құндылығы», «Тас кешу», «Домбыра» шағын сәулет формалары, су бұрқақтары, тал егілетін арнайы орындар, орындықтар, шамдар, екі жағына таулар бейнеленген арка, «Шаңырақ» декорациясы орын тепті.

Дегенмен, жаңартылған орындағы кейбір композицияларға жергілікті тұрғындар арасынан сын айтқандар бар. Әсіресе, «Тас кешуге» қатысты. 

Ал кент әкімі Асхат АЙМҰРАТОВ былай дейді:

- Арбат өте сәтті шыққан деп ойлаймын. Арнайы қоршауларға бес түрлі ағаш егіледі, оның ішінде сирень де бар. Талдардың қысқа түрін таңдадық, көп болса 3-4 метр ұзын болар. Ол отырғыштарға отырып демалған адамдарға көлеңкесін түсіріп тұратын болады. Бұрқақты мамыр айында іске қосамыз. Ал арка, басқа формалардың сыртын жыл сайын жаңалап тұрамыз. 

ЖАСТАР САЯБАҒЫ

Жайық өзені жағалауында орналасқан саябақтың аумағы 26 793 шаршы метр. Бұл жерде қайта қалпына келтіру жұмыстарын бюджеттен бөлінген 35 млн теңгеге «КазНұрСтрой» ЖШС атқарды. Саябақтың сырты қоршалып, 620 шаршы метрге төсемтастар төселген, 29 дана жарық шамдары орнатылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылған. Кент әкімі А. Аймұратовтың айтуынша, жазда балалар ойын алаңы мен спорт құралдары қойылады.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

19 қаңтар 2021, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.