Атырау, 8 наурыз 04:50
 ашықВ Атырау 0
$ 420.71
€ 516.13
₽ 5.65

Кеңес дәуірінің құжатымен әлі жүр

1 157 просмотра

Атырау облысында азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтау акциясы барысында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқан азаматтар анықталды. Рас, кейбірінің құжаты бар, бірақ бұл ... КСРО азаматының паспорты.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір  Атырау облысының аумағында құжатсыз жүрген 77 тұлға, Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзге мемлекеттің азаматы екенін растайтын дәлелі жоқ, 1974 жылғы ескі үлгідегі КСРО төлқұжатымен жүрген 15 тұлға анықталды.

Полиция департаменті олардан тұрғылықты жері бойынша көші-қон аумақтық бөлімшелеріне жүгінуді сұрайды.

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес былтыр 24 қыркүйекте басталған Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын рәсімдеу үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау акциясы жалғасуда.

Айнұр САПАРОВА

15 қаңтар, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.