Атырау, 19 сәуір 05:57
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Франция коронавирусқа байланысты коменданттық сағат енгізді

2 049 просмотра

16 қаңтардан бастап Францияда коронавирусқа байланысты кешкі 6 мен таңғы сағат 6 аралығында коменданттық сағат енгізіледі. Бұл туралы премьер-министр Жан Кастекс хабарлады. Осының алдында 25 департаментте коменданттық сағат күшінде болған.

Ұлыбританиядан келген коронавирустың жаңа штамының тарауы және ауру өсімі артуына байланысты енгізілген шектеу шарасы кемінде 15 күнге созылады.

18 қаңтардан бастап Францияға Шенген аумағына кірмейтін елдерден келген жолаушылардың қолында қорытындысы теріс деп көрсетілген ПТР-тест анықтамасы болуы тиіс. Жолаушылар бір апта карантинге жіберіліп, одан кейін қайта тест тапсырады.

Францияда тұрғындарға Pfizer/BioNTech және Moderna вакциналарын еге бастаған. Желтоқсан айының соңынан бері 140 мыңнан аса адамға вакцина салынған.

Індет басталғалы бері Францияда коронавирус жұқтырғандар үш миллионға жуықтады. 70 мыңға жуық адам қайтыс болған.

Дереккөз: Аzattyq.org

15 қаңтар 2021, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.