Атырау, 29 наурыз 14:30
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Теңіз, Прорва және басқа кен орындарында карантин енгізілді: ауысым алгоритмі

2 224 просмотра

Теңіз, Прорва, Морской кен орындары аумақтарында және Теңізге іргелес басқа да кен орындарда шектеу шараларын қолдану туралы Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Т.Хабибуллиннің қаулысы шықты. 

«Теңізшевройл» ЖШС, «Теңіз» Прорва, Морской және тағы да басқа  кен орындарының аумағындағы мердігер мекемелер обьектілеріндекоронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104- бабына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына сәйкес 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Теңіз кен орындарында СOVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанға дейін  2021 жылғы 15 қаңтарда түнгі сағат 00.00-ден бастап карантиндік шектеу іс-шаралары ұзартылсын.
1. «Теңізшевройл» ЖШС, Теңіздегі жедел штабқа (бұдан әрі - ЖШ), «Теңіз» Прорва, Морской және тағы да басқа  кен орындарының аумағындағы мердігер мекемелер және барлық өзге де кәсіпорындар басшыларына:
1) Індетке қарсы іс-шараларды бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтықты, обьектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау бағытында жалғастыру;
2) Науқастануы симптомсыз өтіп жатқан инфекция жұқтырған тұлғаларды бақылауға арналған оқшаулау обьектілерінде карантин режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
3) Вахталық кенттердегі карантиндік блоктар жұмысының СOVID-19науқастарымен байланыста болған адамдарды оқшаулауға арналған талаптарға сәйкес жалғасуын қамтамасыз ету;
4) COVID-19 науқастарымен жақын байланыста болғандарды (жақын байланыс) 14 күндік мерзімге оқшаулауды қамтамасыз ету. COVID-19 науқастарымен байланыста болғандарды (жақын байланыс) ПТР әдісімен зертханалық тексеру үшін сынама алынады;
5) Мердігер компаниялар СOVID-19 ошақтарын жою бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен келіссін;
6) Мердігер мекемелер мен өзге де мекемелердің вахталық кенттерін санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандармен толықтырсын;
7) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, Атырау облысы әкімдігі, «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ және Теңізшевройлдың уәкілетті өкілдерімен келісілген, вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлердің арасында коронавирустық инфекция таралуын болдырмау бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.

2. Жылыой ауданы әкімдігіне,«Теңізшевройл» ЖШС, «Теңіз» Прорва, Морской және тағы да басқа  кен орындарының аумағындағы мердігер мекемелер және барлық өзге де  мекемелер басшыларына:
1) Мемлекеттік органдарды: құқық қорғау және арнайы органдарды, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті, өрт сөндірушілерді, мемлекеттік авариялық-техникалық қызметті, оған қоса өндірісті қамтамасыз етуге жұмылдырылған көлік құралдарын және теңіз кен орны аумағынан өзінің тұрақты мекенжайына шығарылуға тиісті персоналды, жедел медициналық көмек көрсетілетін жағдайда өндіріс пен жұмысшылардың өмір сүруін қамтамасыз етуге қажетті азық-түлік тауарларын, жануарлардан алынған тауарларды, дәрілік заттарды, дәрі-дәрмектерді, құрылыс материалдарын, жанар-жағар майды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарын есептемегендеТеңіз кен орнына көлік құралдарының кіруіне және шығуына тыйым салынсын;
2) Ілеспе құжаттамасы жоқ, санитариялық өңдеуден өтпеген және (көлік санының есебі, олардың өту уақыты, қозғалыс маршруты және қажет болған жағдайда қайту уақыты) тіркелмеген  көлік құралдарының кіруіне жол бермесін;
3) «Таза кент» стратегиясын қолдау мақсатында коронавирустық инфекция тіркелген вахталық кенттерде, кезең-кезеңімен әрбір вахталық кент бойынша скрининг ұйымдастырсын; Скрининг өткізу тізімі Жылыой ауданының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен келісілсін.
4) Егер жоғарыда аталған персонал Теңізде және Теңізге іргелес басқа да кен орындарда вахталық әдіспен жұмыс жасаған жағдайда немесе ТШО мен ТШО-ның Бизнес серіктестеріне тиісті вахталық қалашықтарда тұрып жатқанда жұмысшылардың төменде жазылған вахта ауыстыру алгоритмі қолданылуы тиіс;
5) Жұмысшылардың вахта ауыстыруын мынадай алгоритмге сәйкес жүргізсін:
6.1 Кен орнына келген барлық қызметкерлерге қатысты (Қазақстан Республикасының резиденттері / резиденттері еместер):
-вахтаға келуге (кіруге) жататын  жұмысшыларының ЖСН (резидент еместерді қоспағанда), тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері (ұялы телефон нөмірі) және қызметкер тіркелген медициналық ұйымы көрсетілген тізімін қалыптастыру;
-вахтаға кірерден 5 күнтізбелік күн бұрын жедел штабтың электронды мекенжайына тізімдер мен сауалнамалар ұсыну;
- вахтадан шығатын жұмысшыларды Атырау қаласы мен Теңізге орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастыру;
-шетелдік жұмысшылар шетелден келгеннен кейін, объектілердің басшылығы телефон арқылы, электрондық пошта арқылы, келген күнін, елін және басқа да сұралған мәліметтерді көрсете отырып аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне (бұдан әрі - АД) дереу хабарлайды. Келген шетелдік жұмысшыларда  мерзімі 5 тәуліктен аспайтын коронавирустық инфекцияның теріс нәтижесі бар анықтама болуы қажет.
-келген барлық қызметкерлерді, оның ішінде жергілікті және шетелдік қызметкерлерді келгеннен кейін 7 күн мерзімге оқшаулап, 7-ші күні зертханалық тексеруден өткізіледі (ПТР тест) және қызметкерде теріс нәтиже болған жағдайда жұмысқа жіберіледі;
-уақытша Атырау облысы «қызыл аймақта» болған кезде және Атырау облысы «қызыл аймақтан» шыққаннан кейін 2 аптаның ішінде 7 күн оқшауланудан  кейінгі  12-ден 14 тәулік аралығында барлық қызметкерлерді ПТР әдісімен қосымша зертханалық тексеруден өткізіп және апта сайын 12-ден 14 күнге дейінгі кезеңде жүргізілген барлық зерттеулер санын оң нәтижелерімен бірге Жылыой ауданының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ұсыну;
-апта сайын Жылыой ауданының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына скрининг өткізу кестесі мен вахталық ауысу жоспарын (Теңізге келу / кету тізімі, қызметкерлердің тұрғылықты жері) ұсыну;
-санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен көлік құралын тасымалдауға дейін және кейін дезинфекциялау талаптарын сақтай отырып қызметтік көліктермен жұмыс орындарына жеткізуді ұйымдастыру;
-келген еңбек мигранттарын тұрғылықты жерлерге (жатақханаларға) кәсіпорынның басқа жұмысшыларынан бөлек, жеке бөлмені (ғимаратты) бөліп, персоналмен байланысын болдырмай орналастыру;
-вахталық лагерлер арасында жұмысшылардың қозғалысын шектеу.
-жұмыста болмау себептерін анықтай отырып, жұмысқа шығудың күнделікті мониторингін жүргізу, ЖРВИ ауруларына, тұмау және басқа вирустық ауруларға ерекше назар аудару.
-жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы қызметкерлерге ақпарат беру.
6.2. Кен орынынан шығатын барлық қызметкерлер үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері / резиденттері еместер):
-вахтадан шығуға жататын  жұмысшыларының ЖСН (резидент еместерді қоспағанда), тұрғылықты мекен-жайы, байланыс деректері (ұялы телефон нөмірі) және қызметкер тіркелген медициналық ұйымды көрсетілген тізімін қалыптастыру;
-күнделікті вахталық қалашықтан шыққанға дейінгі соңғы 5 күн ішінде бақылау тексеруді (тексеру, температураны өлшеу), сондай-ақ  соңғы 5 күн ішінде ПТР әдісімен жұмысшыларды COVID-19-ға зертханалық тексеруден өткізуді ұйымдастыру.
-вахталық қалашықтан  кететін  жұмысшыларды көлік құралының ішін тасымалдау алдында және одан кейін дезинфекциялауды қамтамасыз ете отырып  әуе, теміржол, автомобиль көлігімен жеткізуді ұйымдастыру. Көлікке ПТР сынағының теріс нәтижесі бар  болған жағдайда отырғызу. Көлік орындар санына сәйкес толтырылады.
-жұмыстан тыс уақытта жұмысшылардың бірлескен тамақтануы мен байланысын шектеу;
-санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қызметкерлерді тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері қарай тасымалдауды қамтамасыз ету;
-барлық қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
 - үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып тазартуды, оның ішінде есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, ұстағыштарды, жанасу беттерін (қызметкерлердің үстелдері мен орындықтары, кеңсе техникасы), жалпы пайдаланылатын жерлерді (асханалар, демалыс бөлмелері, дәретханалар, бөлмелер және т.б.) өңдеуді қамтамасыз ету;
-№67 ҚР ПГВР қаулысының 25-қосымшасына сәйкес вахталық қалашықтың қоғамдық орындарындағы қоғамдық тамақтану обьектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту;
-карантиндік іс-шаралардың сақталуына мобильді топтармен  күнделікті мониторинг жүргізу және күн сайын Жылыой ауданының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ақпарат беру;
- мобильді топтардың вахталық қалашықтарда  кедергісіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
7. Вахталық кенттер арасында және ішінде сағат 22.00-ден бастап 05.00-ге дейін түнгі аусымдағы өндіріске жұмылдырылған персоналды, теңіз кен орны аумағынан өзінің тұрақты мекенжайына шығарылуға тиісті персоналды, оған қоса оларды тасымалдауға жұмылдырылған қызметкерлерді, медицина бөлімі қызметкерлерін (жедел медициналық көмек көрсететін жағдайларда), өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерін, объектінің күзет қызметерлерін, апаттық қызметті, тіршілік объектілері қызметкерлерін есептемегенде адамдардың қозғалысына тыйым салынсын; 
8. Қоғамдық тамақтану обьектілері (кафе, бар, мейрамхана) қызметіне сағат 10.00-ден  21.00- ге дейін тамақ жеткізуді жұмыстарын қоспағанда тыйым салынсын;

3.ТШО-ның бизнес серіктестері:
1) СOVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанға дейін вахталық қалашықтарда жұмысшылардың тамақтануын бір рет пайдалануға арналған бір реттік ыдыстарды қолданумен «ыдысымен әкету» режимінде ұйымдастырсын;
2) СOVID-19 ошақтарын жою бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен келіссін;
3) вахталық қалашықтарды санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандармен толықтырсын;

4. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасына, «Теңізшевройл» ЖШС, «Теңіз» кен орнында медициналық қызмет көрсететін мекемелерге:
1) «Теңіз» кен орнындағы уақытша вирусологиялық зертханаға жеткізумен COVID-19-ға жұмысшылардан материалды алуды ПТР тексерудің жоспар-кестесіне сәйкес ұйымдастырсын;
2) «Теңіз» кен орнынан шыққан жұмысшылардың тізімін БМСК мекемелеріне беруді қамтамасыз етсін және тұрғылықты мекенжайы бойынша 14 күндік медициналық бақылауды қамтамасыз етсін;
3) респираторлық вирустық инфекциялардың, пневмонияның белгілері бар адамдарды  тексеру, оң нәтижесі болған жағдайда Жылыой ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шұғыл хабарлама жіберсін;
4) тиісті шараларды қолдана отырып  жұмыста болмау себептерін анықтасын және Теңіз кен орнындағы облыстық әкімдіктің жедел штабын хабардар етсін;
5) 25.12.2020 жылғы №67 ҚР ПГВР қаулысының 34-қосымшасына сәйкес карантиндік және жұқпалы аурулар ауруханаларында медициналық персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етсін;

5. Жылыой ауданының әкімі, Жылыой ауданының полиция бөліміне:
1) Теңіздің барлық кіре-берісіндегі бақылау-өткізу пункттерінің жұмысын ұзарту;
2) бақылау-өткізу пункттеріне жұмысшылардың кіруі / шығуы кезінде ПТР тесті болуын мен өту мерзімін тексеру. ПТР тест нәтижелерінің жарамдылығы 5 күннен аспауы керек;
3) тұрғын үйлердегі бейнебақылау камералары арқылы карантиндік шаралардың (этаждар, бөлмелер арасында қозғалыс) сақталуын бақылауды күшейту;
4) карантиндік ауруханаларда карантиндік іс-шаралардың сақталуын бейнебақылау камералары арқылы бақылауды қамтамасыз ету («Оңтүстік Теңіз», «Жаңа Теңіз», «Ватернас», «Венгерка қалашығы» және т.б. вахталық қалашықтарда);
5) өз құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде карантиндік және шектеу іс-шараларын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік шаралардың тез арада қабылдануын, сондай-ақ профилактикалық мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында осы фактілерді кеңінен жариялауды қамтамасыз ету;
6) карантиндік аймақты қоршауды қамтамасыз етеді, вахталық қалашыққа кіруге, сондай-ақ адамдардың рұқсатсыз кіруіне жол бермеу.
6. Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Теңіз», Прорва, Морской және басқа кен орындарында шектеу шараларын қолдану туралы» 2020 жылғы 6 желтоқсандағы №454 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Т.Хабибуллин

15 қаңтар 2021, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.