Атырау, 13 қазан 17:18
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Полицейлер қоғамдық тәртіп бұзғандарды анықтады

1 868 просмотра

Жыл басынан бері қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін Атырау қаласының 48 тұрғынына айыппұл салынды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мысалы, полицейлер «Привокзальный 3а» ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің ауласында ішімдік ішіп отырған жергілікті үш тұрғынды анықтады.

- Сараптама нәтижелері қоғамдық тәртіпті бұзғандардың қанында алкогольдің бар екенін растады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабына сәйкес («(Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу») үшеуіне де хаттама толтырылып, 7292 теңгеден айыппұл салынды, - деп хабарлады ДП баспасөз қызметі.

Айнұр САПАРОВА

15 қаңтар 2021, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.