Атырау, 25 сәуір 09:13
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мұз үстінде қалықтаған Нұрәли

Бейнежазба
2 527 просмотра

Жуырда әлеуметтік желіде Каспиий теңізінде жасөспірімнің сырғанақ тепкені жарияланды. Әдемі сазды музыканың ырғағымен Каспийдің үстіндегі мұзда ойнақтай сырғанайды.

Кәсіби сырғанақшылар сияқты өзін еркін ұстап қалықтай билеген Нұрәлидің бұл өнеріне көпшілік қолдау білдіріп, таңданысын жасыра алмады. Негізі Нұрәли БЕКТЕМІРОВ Құрманғазы ауданы орталығының Абай атындағы орта мектепте 10 сынып оқушысы.

- Бұл бейнежазбаны жиенім Әди түсірді. Ал Нұрәли туған інімнің баласы. Каспий теңізі ауылдан 40 шақырым жерде. Кішкентай кезінде өзім коньки әпергеннен кейін мұздан шықпайтын болды, - дейді Құрманғазы селосының тұрғыны Жандос БЕКТЕМІРОВ. - Ауылда мұз айдыны болмағанымен Шарон өзені мұз болып қатқаннан кейін ауыл балалары сол жерден табылады. Бұл бір жағынан шынығу болса, екінші жағынан таза ауаның денсаулыққа пайдасы мол ғой, Нұрәли де сол көптің ішінде жүр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

14 қаңтар 2021, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.