Атырау, 19 сәуір 20:04
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

2-ауысымдағы төменгі сынып оқушылары үйде қалды. Жел үш мектептің шатырын ұшырды

2 417 просмотра
Шәріпов атындағы мектеп

Бүгін, 14 қаңтарда кезекші сыныпқа баратын 1-4 сынып оқушылары үйлерінде қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты білім беру басқармасы осындай шешім қабылдады. Бұл екінші ауысымға қатысты, ал бірінші ауысым бүгін сабақтарын оқып үлгерді. 

Бүгін қатты желдің салдарынан Мақат ауданындағы Сарғұнанов, Шәріпов мектептері мен музыка мектебінің шатыры ұшты. Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА Сарғұнанов мектебінің 2017 жылы пайдалануға берілгенін, ал Шәріпов мектебі 2019 жылы күрделі жөндеуден өткенін айтты. Қазір ол жерде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

14 қаңтар 2021, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.