Атырау, 20 сәуір 02:32
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мұздың үстімен жүріп, айыппұл арқалады

2 112 просмотра

Жайық өзеніндегі мұздың үстінде Әкімшілік кодексті (620 бап – «Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) бұзып, автокөлік жүргізген 4 жүргізуші анықталды. Полиция департаментінің хабарлауынша, оларға қатысты тиісті хаттама толтырылды.

Мысалы, 10 қаңтар күні қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының испекторлары мұздың үстімен «Лада Гранта» маркалы автокөлігі жүргенін байқаған. 36 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 620 бабы бойынша 3 АЕК мөлшерінде айыппұл көрсетілген. 

- Оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында Жайық өзеніндегі мұздың үстінде көлікпен жүруге тыйым салынады. Сонымен қатар мұқият болып, балаларды мұздың үстіне қараусыз жібермеуді сұраймыз, - деді полициядағылар. 

Айнұр САПАРОВА

14 қаңтар 2021, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.