Атырау, 13 қазан 19:23
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырауда қатты желден 2 үйдің шатыры ұшып, қала маңында жарық өшіп қалды

Сурет
2 800 просмотра

Бүгін, 14 қаңтарда Атырау қаласында ұйытқуы 18-19 м/с-қа жететін екпінді желдің салдарынан тұрғын үй шатырлары ішінара ұшып, адамдардың өміріне қауіп төндіріп, қала маңындағы бірқатар ауылда жарық өшіп қалды.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, таңертең Call орталығына Нұрсаяда бес қабатты №84 үйде шатырдың бір бөлігі ұшып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына жеткен соң 72 шаршы метр шатыр бөлігінің ұшқаны анықталды. Сәл кейінірек желдің салдарынан Азаттық көшесіндегі бес қабатты №77 тұрғын үй шатырының 16 шаршы метр бөлігі ұшты.

ТЖД қызметкерлері алпинистік құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, бүлінген шатырлардың конструкцияларын нығайтып, көлік жолына түскен шатыр сынықтарын жинап алды.

Екі жағдайда да қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұдан басқа, Ақжар, Ақсай, Геолог ауылдарында, Жұлдыз, Томарлы, Торговая база ықшам аудандарда жарық шұғыл сөндірілді. Қазір ол жерлерде «Атырау Жарық» бригадалары жұмыс істеп жатыр.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

14 қаңтар 2021, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.