Атырау, 28 наурыз 19:19
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қаңғыбас иттерді атамыз ба, әлде...

3 675 просмотра

Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының Атырауды қаңғыбас иттер жайлап кеткені төңірегінде шағымдары көбейіп кетті. Мәселен, Самал ықшам ауданының тұрғындары далаға бала түгілі өзіміз шығуға қорқатын болдық дейді. Бұл ықшам ауданда қаңғыбас иттердің адамдарға шабуыл жасаған бірнеше оқиға орын алды.

Осы мәселеге орай сауалдарымызға облыстық ветеринария басқармасының мониторинг және есептік бөлімінің басшысы Нұрболат  ҚЫРЫҚБАЕВ түсініктеме берді.

- Жалпы қаңғыбас иттерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұрын онымен Арнайы автобаза айналысатын, соңғы жылдары бұл міндет біздің құзырымызға өтті. Нақтылап айтсақ, ит атумен тікелей Қалалық ветеринарлық станция айналысады. Былтыр облыс бойынша 15 953, соның ішінде қалада 6 400 ит атылған. 2020 жылы бюджеттен бұл жұмысқа 40 015 000 теңге бөлініп, ол сома толықтай игерілді (2 508 теңге 1 итке жұмсалған – Г.С.). 2021 жылға жоспар бойынша 32 435 000 қаржы қарастырылып отыр,- дей келе, ол бұл мәселенің екінші ұшын шығарды.- Тұрғындардан түскен шағыммен тиісті мекен-жайға барып, иттердің көзін жойып келгеннен кейін, біреулер итті атуға болмайды обал емес пе деп шағымданып жатады. Осы жағынан түсініксіз жайттар болып тұрады.

Қалалық ветеринарлық станцияның маманы Нұрсұлтан КЕНЖЕҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, ит ату үшін тұрғындар «109» нөміріне хабарласып, иттердің көп шоғырланған жерін айтуы керек. Кейін бұл өтініш ветстанциямен келісімшартқа отырған ит аулайтын жеке кәсіпкерлерге жолданады. 

Гүлсім СҮЙІНҒАРИЕВА

14 қаңтар 2021, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.