Атырау, 25 қараша 15:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Перуде медицина қызметкерлері ереуілге шықты

2 247 просмотра

Наразылар жергілікті биліктен денсаулық сақтау саласын қосымша қаржыландыруын талап етеді. Жиналған жұрт коронавирус пандемиясының салдарынан медицина саласы тығырыққа тірелгенін айтады, деп хабарлайды 24.kz.

Наразылар науқастарға ем-дом көрсету үшін қажетті құрал-жабдықтардың жетіспейтінін алға тартады. Бұған қоса ауруханалардағы орын тапшылығы тағы бар. Ашуға бой бергендер билікке қойған талаптар орындалмаса, жұмыстарына шықпайды деп отыр. 

Айта кетейік, Перуде пандемия басталғалы 38 мыңнан астам адам коронавирус індетінен көз жұмды. Бүгінде елде 1 млн-нан астам тұрғын індеттің ілмегіне іліккен.

14 қаңтар 2021, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.