Атырау, 29 наурыз 17:15
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​ҰБТ-ға үйден дайындалуға тура келеді

1 882 просмотра

Оқу жылының үшінші тоқсаны Атырау мектептерінің оқушылары үшін ешқандай өзгеріссіз басталды. Бұған дейін ең болмағанда жоғарғы сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалу үшін кейбір пәндер бойынша сабаққа қатысады деген үміт болған еді.

Шамамен осындай сценарий туралы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі жаңа жылдан бастап тоғызыншы және он бірінші сынып оқушылары мемлекеттік емтихандарға дайындалу үшін біріктірілген оқу әдісіне көшетінін түсіндіріп, бұрын хабарлаған болатын. Офлайн режимде олар ҰБТ мен қорытынды аттестаттауға кіретін пәндер - математика, Қазақстан тарихы, тілдер және т.б. бойынша сабаққа қатысуы керек болды. Нәтижесінде пәндердің 70% мектептен және 30% қашықтан оқытылуы керек еді. Тіпті мектеп оқушыларының ата-анасынан осы форматта оқуға келісетіні туралы арыз жиналды. Бірақ Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығы біріктірілген оқуға көшуге мүмкіндік бермеді.

- Әзірге бәрі өзгеріссіз қалды. 9 және 11 сынып оқушылары қашықтан оқиды, ал 1-4 сынып оқушылары 15 баладан аспайтын кезекші сыныптарға барады, - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетсек, қазір облыстың 164 мектебінде 1887 кезекші сынып ашылды, онда 25 мыңнан астам бала оқиды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 қаңтар 2021, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.