Атырау, 20 сәуір 02:27
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

2021 жыл көлік өртімен басталды

2 135 просмотра

2 қаңтарда Нұрсая ықшамауданындағы тұрғын үйдің жанында «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің қоқыс таситын автокөлігі өртенді.

Атырау облысы бойынша ТЖД ақпаратына сәйкес, КамАЗ маркалы автокөлігіндегі өртті сөндіруге 3 бірлік техника мен 7 жеке құрам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Айта кету керек, 2020 жылы Атырау облысы бойынша автокөлік өртенген 91 оқиға тіркелді, оның 69 жеңіл автокөлік болса, 20 жүк көлігі және жолаушы таситын 2 автобус.

2021 жыл басталғалы автокөлік өртенген 3 өрт оқиғасы тіркелді – 2 жүк көлігі мен бір жеңіл көлік өртенді.

Осыған байланысты ТЖД автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және көлікте міндетті түрде өрт сөндіргіш құралы болғаны дұрыс деп ескертеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттті Атырау облысы бойынша ТЖД ұсынды

13 қаңтар 2021, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.