Атырау, 25 қараша 15:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұнайдың әлемдік бағасы 60 долларға жуықтады

2 147 просмотра

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерсінің құны алдыңғы сауда-саттыққа қарағанда 0,42%-ға өсіп, барреліне 57,07 долларға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған аталмыш биржаның деректері дәлел. 

Brent маркалы мұнай 2020 жылдың 24 ақпанынан бастап алғаш рет барреліне 57 доллардан асты. 

WTI маркалы мұнай 0,83% -ға қымбаттап, барреліне 53,68 долларға жетті. 

Ал Brent маркалы мұнай барреліне 57,08 доллар (+0,88%) деңгейінде саудалануда. WTI мұнайы барреліне 53,66 доллар (+0,79%) деңгейінде сатылуда.

13 қаңтар 2021, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.