Атырау, 23 желтоқсан 15:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Жылыойда көп балалы отбасыларға көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды

2 828 рет қаралды

Жылу беру маусымы басталғалы Жылыой ауданында табиғи газдан уланудың 6 жағдайы тіркелді. Соның салдарынан 37 адам (арасында 16 бала бар) аудандық ауруханаға дәрігерлік көмекке жүгінген.

Осыған байланысты аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері көп балалы, мұқтаж отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлер тұратын 20 үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатты.

Жылыой ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы К. КЕНЖЕБЕКОВТІҢ айтуынша, көмірқышқыл газ шыққанда датчик арнайы сигнал береді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


12 қаңтар 2021, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.