Атырау, 13 қазан 19:20
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Саудагерлер әкімдік қаулысын бұзып, тұрақтандыру қорына «жолдайды»

2 158 просмотра

8 қаңтарда 90 күнге картоптың бір келісі 120 теңге деп шекті баға белгіленген облыстық әкімдіктің қаулысы күшіне енді.

Сарайшық, Көктем және Насиха базарларында сатылатын тұрақтандыру қорындағы картоп бағасы бұл күндері бір келісі 94 теңгеден 101 теңгеге көтерілді. Оған қоса қала тұрғындары әлеуметтік маңызы бар өнім оралған пакеттерде тілінген, кесілген, топырақ жабысқан түйнектер көп екеніне шағымдануда, алайда сатушылар іріктеп алуға тыйым салады.

Іріктеп алуға болмайтынын «Атырау» ӘКК растады.

- Картопты қолмен емес, күрекпен тиейді, сондықтан ішінде кесілгендері бар, бастысы шіріген картоп болмауы керек, - деп түсіндірді «Атырау» ӘКК Мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру департаментінің директоры Гүлмира МЕҢДАЛИЕВА.

Ал «AЖ» мәліметі бойынша, ықшамаудандардағы көкөніс дүңгіршегіндегі бағалар (әкімдіктің қаулысын бұза отырып) 150 теңгеге дейін барады, ал саудагерлер сатып алушыларға еш қысылмастан "тұрақтандыру қорының пунктіне барып, соның кесілген картобын алыңыз" дейді екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

11 қаңтар 2021, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.