Сұрақ-жауап
Мен көпбалалы анамын, балаларым спортпен шұғылданса деймін. Атырауда тегін спорт секциялары бар ма немесе қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Ләззат, Атырау тұрғыны.
Облыстық спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, облыста 17 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды, оның 5-еуі Атырау қаласында, 12-і аудандарда. Бұл мектептерде спорттың 26 түрінен секциялар бар. Олардың қатарында ММА, велоспорт, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, гандбол, футбол, хоккей, шахмат, тоғызқұмалақ, дзюдо, самбо, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, белбеу күресі, карате-до, карате-кекушинкай, джиу-джитсу, таеквондо, бокс, кикбокс, ауыр атлетика, стенд ату, байдарка және каноэдан ескек есу.
Қазір осы мектептерде спортпен жүйелі түрде 13 423 бала мен жасөспірім тегін айналысып жүр.
Бұл спорт мектептерінен бөлек кәсіби клубтар да бар. Ол жерлерде негізгі ересектер командаларымен қатар 2520 бала тегін шұғылданады. Сонымен қатар облысымызда білім беру бөлімдері жанынан құрылған 7 балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубтары қызмет етуде. Оларда тегін жаттығушылар саны 2019 жылы - 4767 болса, 2020 жылы 5887-ні құрады.
Ал спорт мектептерінде жоқ спорт түрлері бойынша көп балалы отбасы мүшелеріне федерациялармен келісім арқылы 50 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған.
Атырау қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептері:
1) «№1мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мекемесі» КММ, Атырау қаласы, Вокзал маңы ы/а
2) «№1 олимпиадалық резервке мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ, Атырау қаласы, Авангард 4 ы/а
3) «Атырау қалалық №2 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, Атырау қаласы, Авангард 2 м/а, Атырау е/м
4) №3 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Атырау қаласы, Тасқала ауылы, Өрлеу, 30А
5) «№4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ, Атырау қаласы, Доссор тас жолы, 45.
Дайындаган Гүлсім СҮЙІНҒАРИЕВА