Атырау, 13 қазан 21:29
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Құрманғазы ауданына пойыз жүрмейтін болды

4 228 просмотра

Жаңа жыл қарсаңында әкімдіктің 109 бірыңғай байланыс орталығы әлеуметтік желіде жақын арада Құрманғазы ауданына, дәлірек айтсақ, Атырау-Ганюшкино станциясына (Ақкөл ауылы) қатынайтын жолаушылар пойызы шығады деген ақпарат жариялады. Бұл облыс тұрғындарына жақсы жаңалық болды, өйткені халықаралық теміржол қатынасы (Атырау-Астрахань пойызы) тоқтатылғаннан кейін, олар амалсыз тек таксимен ойқы-шойқы жолдармен әзер жететін.

Осы жаңалықтың қаншалықты рас екенін анықтау үшін облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне жолықтық. Пойыз жүрмейтін болған екен.

«Аймақішілік теміржол қатынасын ұйымдастыру жергілікті бюджеттен субсидияланады, ал Атырау - Д.Нұрпейісова (Құрманғазы ауданындағы станция) бағытындағы пойызға жыл сайын облыстық бюджеттен қомақты қаражат қажет, сондықтан бұл бағыттағы байланысты ашу әлі мүмкін емес, - деп жауап берді баспасөз қызметінде. - Бұл мәселені шешу үшін облыстық әкімдік Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне күнделікті жүретін Атырау-Астрахань бағытындағы теміржол рейсін ұйымдастыруға ықпал ету туралы өтініш жіберді». Еске сала кетсек, бұл пойыз күнара жұп күндері жүрді, алайда карантин жағдайында және Ресеймен теміржол қатынасы тоқтаған кезде ол да тоқтатылды. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 қаңтар 2021, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.