Атырау, 12 маусым 13:04
 дождьВ Атырау +29.4
$ 487.76
€ 562.39
₽ 6.75

Атырауда апаттық жағдайда жарық өшіп қалды

3 415 рет қаралды

Атырау облысында ауа-райына байланысты облыс орталығының кейбір ықшамаудандарында және Индер мен Махамбет аудандарында электр қуаты апатты түрде ажыратылды.

«Атырау-Жарық» АҚ қалалық тарату желілерінің бастығы Ғабиден ҚАНАТОВТЫҢ айтуынша, апат «KEGOC» АҚ желісінде шамамен 18.30-да болған.

«АЖ» мәліметінше, Авангард, Балықшы, Балауса, Привокзальный, Лесхоз, Геолог, Бірлік, Тасқала, Курилкин, Дамба, т.б. ықшамаудандарда жарық сөнген. Энергетиктер апатты жақын арада жоюға уәде беріп отыр.

Көптеген сайлау учаскелерінде адамдар қараңғыда дауыс беріп жатыр дейді бақылаушылар.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

10 қаңтар 2021, 19:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.